Жаңалықтар тізбегі
0

Түрмеге тыйым салынған заттарды алып өту әрекетінің жолы кесілді

Түрме, СҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті, тыйым салынған заттар, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.03.2022 13:35 Сурет: СҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ЕС-164/3 мекемесінің қызметкерлері тыйым салынған заттарды алып өту әрекетінің алдын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

СҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі ЕС-164/3 мекемесіне жазасын одан әрі өтеу үшін келген адамдарды қабылдау кезінде түзеу мекемелерінде тыйым салынған заттарды табу мақсатында сотталғандарды толық тінту және жеке заттарын тексеру жүргізгенін мәлімдеді.

Жүргізілген тінту нәтижесінде сотталғандардың мекеме аумағында заңсыз пайдалануы үшін көзделген 5 сотталғаннан Nokia маркалы 5 ұялы телефон, Samsung Duos маркалы 1 ұялы телефон, Activ абонентінің 1 сим-картасы және Altel абонентінің 2 сим-картасы табылды. СҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі

Айта кетерлігі, түзеу мекемелерінде тыйым салынған заттарды алып кіруге және сақтауға әрекет жасағаны үшін қылмыстық-атқару заңнамасында тәртіптік жауапкершілік көзделген.

Аталған факт СҚО бойынша ҚАЖД ЕС-164/3 мекемесінің ақпаратты есепке алу кітабында тіркелді.СҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: