Оралдағы түзеу мекемесіне тыйым салынған заттарды жеткізу әрекетінің жолы кесілді

Полиция, заявление, уголовное дело, уголовное обвинение, уголовная статья, уголовные дела, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.06.2026 16:52 Фото: Zakon.kz
11 маусым күні сағат 22:50 шамасында Батыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №28 мекеменің қызметкерлері мекеме аумағына тыйым салынған заттарды жеткізу әрекетінің жолын кесті.

Мекемеге іргелес аумақты патрульдеу барысында мекеме қызметкерлері мен 5517 әскери бөлімінің әскери қызметшілері негізгі қоршау арқылы белгісіз заттарды лақтырған азаматты анықтап, ұстады.

Тексеру кезінде мекеме аумағындағы спорт залының маңынан скотчпен мұқият оралған екі пластикалық бөтелке табылып, тәркіленді. Бөтелкелерді ашу барысында IMEI-кодтары өшірілген әртүрлі маркалы төрт ұялы телефон анықталды.

Аталған дерек бойынша режим бөлімінің қызметкерлері ұсталған азаматқа қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік материалдар рәсімдеді.

Жиналған материалдар заңнамаға сәйкес процестік шешім қабылдау үшін сотқа жолданады. Құқық бұзушылық фактісі бейнебақылау жүйелері арқылы толық тіркелді. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қосымша тексеру іс-шаралары жүргізілуде.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: