Абай облысында түрме аумағына тыйым салынған заттарды лақтырмақ болған ер адам ұсталды

полиция, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.10.2023 22:33 Сурет: polisia.kz
Абай облысы ҚАЖ департаментінің №20 мекеме жедел бөлім қызметкерлері түрме аумағына тыйым салынған заттарды лақтырмақ болған Б. есімді тұрғынды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Семей тұрғынын жеке тексеру барысында 1 скотч жапсырамсына оратылған орама табылды. Орамадан қара түсті, LG GX 500 телефон, 1 құлаққап, 1 қуаттандырғыш тоғы тәркіленді. Әңгіме барысында Семей қаласы тұрғынының Игорь есімді (есімі өзгертілген) сотталғанға тыйым салынған заттарды мекеме аумағына өткізгісі келгенін мойындады.

"Сотталғандардың қамқор туыстары ескертулер мен түсіндірулерді ескерместен тыйым салынған заттарды мекеме аумағына кіргізуге тырысады. Енді Семей қаласының тұрғыны әкімшілік жазаға тартылады".Жедел бөлім қызметкері Әділет Құлатаев
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: