Биыл Алматы автобустарында қарттарға орын беруге шақыратын дыбыстық хабарландыру іске қосылады

Сурет: pixabay
Биыл Алматы автобустарында қарттарға орын беруге шақыратын дыбыстық хабарландыру іске қосылады. Бұл туралы Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесу кезінде қала әкімі Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Мен қала маңына автобуспен жиі қатынаймын, жастар қарт адамдарға, жүкті әйелдерге орын бермейтін жағдайды үнемі бақылап отырамын. Осы ретте орын беру жөнінде дыбыстық ескертуді жасауға бола ма?", - деді Алматы тұрғыны қала әкімі Ерболат Досаевқа қойған сұрағында.

Досаевтың сөзінше, осы бағыттағы жұмыс қазірдің өзінде жүргізіліп жатыр.

"Осы жылдың 1 шілдесінен бастап қоғамдық көлікте аялдамалардың атауымен және қарттарға, жүкті әйелдерге, балалары бар жолаушыларға орын беруге, сондай-ақ бір-біріне құрмет көрсетуге шақыратын дыбыстық хабарлау жүйесін енгізу жоспарланып отыр", - деп жауап берді Алматы әкімі.
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Гайдар Қасенов пен Достанбек Есжанов неге қызметтерінен босатылды

Көкшетауда автобус пен жүк көлігі соқтығысып, үш адам зардап шекті