Шенеуніктер үш жетім баланы тұрғын үй кезегінен заңсыз шығарып тастаған

Дом, жилье, недвижимость, покупка дома, покупка жилья, покупка недвижимости, покупка квартиры, аренда квартиры, продажа дома, продажа жилья, продажа квартиры, ипотека, ипотечная программа, ипотечное жилье, дом в ипотеку, квартира в ипотеку, цены на квартиры, цены на жилье, цены на дома, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.09.2026 10:13 Фото: freepik
Риддер қаласында прокуратураның көмегімен үш жетім баланың жеңілдетілген тәртіппен тұрғын үй алу құқығы қалпына келтірілді. Бұл туралы 2026 жылғы 21 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Прокурорлар әлеуметтік осал санатқа жататын азаматтардың тұрғын үй құқықтарының бұзылғанын арнайы жүргізілген талдау барысында анықтаған.

Белгілі болғандай, кәмелетке толмағандардың тұрғын үй кезегінен шығарылуына олардың қалада уақытша болмауы, сондай-ақ бастапқыда есепке қойылғанын растайтын құжаттардың жоғалуы себеп болған.

Осы жағдайға байланысты прокуратура қадағалау актісін енгізді.

"Үш кәмелетке толмағанның да тұрғын үй кезегіндегі есепке алынуы қалпына келтіріліп, кезекке алғаш қойылған күндері сақталды", – делінген хабарламада.

Бұл мұндай алғашқы жағдай емес. Бұған дейін Маңғыстау облысында ата-анасынан 20 жылдан астам уақыт бұрын айырылған жетім баланы шенеуніктер тұрғын үй кезегінен шығарып тастаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: