Тоқаев Әзербайжан Милли Мәжілісінің төрағасы Сагиба Гафаровамен келіссөз жүргізді

Сурет: akorda
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Милли Мәжілісінің төрағасы Сагиба Гафаровамен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Сагиба Гафароваға ілтипат білдіріп, Қазақстан мен Әзербайжанның қарым-қатынасы қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. 

"Шын мәнінде, Қазақстан мен Әзербайжан – стратегиялық серіктес әрі одақтас елдер. Бүгін біз бұл мәртебенің мемлекеттер мен үкіметтер басшыларына ерекше жауапкершілік жүктейтінін атап өттік. Екі ел ынтымақтастығының мазмұны бай әрі перспективасы зор. Бірқатар бірегей жоба қолға алынды. Елдеріміз арасындағы қарым-қатынастың стратегиялық сипаты туралы айтқан кезде, ең алдымен, мұнай мен газ, көлік-логистика, цифрландыру, ауыл шаруашылығы, индустрия және басқа да салалар ойға оралады", - деді Мемлекет басшысы. 

Әзербайжан Милли Мәжілісінің төрағасы парламентаралық байланысты дамытуға жан-жақты қолдау көрсеткені үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты. 

"Сіздің бүгінгі сапарыңыз елдеріміз арасында қалыптасқан достық, бауырластық қатынастардың дамуына ерекше үлес қосатынына сенімдімін. Қазіргі таңда біз стратегиялық серіктестік және одақтастық қатынастар туралы әңгіме қозғап отырмыз. Мен бүгінгі кездесулерде қоғамның әртүрлі салаларындағы қатынастарды дамыту жөнінде бірқатар маңызды мәселе талқыланғанынан хабардармын. Сондай-ақ екі елдің парламенттері арасында терең іскерлік байланыстар орнағанын зор мақтанышпен әрі ризашылықпен айта аламын", - деді Сагиба Гафарова.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

2026 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

"Құдаласып, киіт кигізу". Желіде қазақтың дәстүрлі сый-кәдесі қызу талқыға түсіп жатыр