Петропавлдағы қоқыс полигонында 7 мигрант заңсыз жұмыс істеп жүрген

Сурет: polisia.kz
Петропавл маңындағы полигонда қатты қоқыс қалдықтарын қайта пайдалану үшін бөлумен айналысып жүрген еш рұқсат құжаттары жоқ Тәжікстан елінің 7 азаматы анықталды.

Олардың айтуынша, рұқсат құжаттарын кейін ресімдеуді жоспарлаған. Жиналған материалдар әкімшілік сотқа жіберілді. Заң бұзушылар айыппұл төлеуі мүмкін.

"Заңды түрде жұмыс істеу үшін жергілікті атқарушы органның еңбекпен айналысуға рұқсат беретін құжаттарын уақытылы ресімдеу қажет. Сондай-ақ шетелдіктердің еңбек күшін заңсыз пайдалануға жол берген жұмыс берушіге қатысты әкімшілік материал жиналуда", – дейді СҚО ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Талғат Әбілов.

Жедел-профилактикалық іс-шараның алғашқы күнінде тәртіп сақшылары көші-қон заңнамасының шетелдіктердің тарапынан болған 23 бұзушылығын анықтады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды

Ерлан Қарин: Президенттің тапсырмасы орындалды – Қазақстанның киелі нысандары ЮНЕСКО тізіміне енді

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

25 тамыздан бастап Қазақстанда жүргізуші куәлігінен айырудың жаңа негіздері күшіне енеді