Екібастұзда монополистерге қатысты әкімшілік іс қозғалды

Тұтынушылардан ыстық сумен жабдықтау болмағанда ақша өндіріп алынған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Табиғи монополияларды реттеу комитеті Павлодар облысы бойынша департаментінің мәліметінше, "Павлодарэнергосбыт" ЖШС мен "Екібастұзжылуэнерго" ЖШС-на қатысты әкімшілік іс қозғалды, деп жазады Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысы прокуратурасының ұсынысын қарау шеңберінде екі кәсіпорынның 2023 жылдың маусым-тамыз айлары аралығындағы кезеңде ыстық сумен жабдықтау қызметтерінің құнын қызметтер нақты болмаған жағдайда өндіріп алғаны анықталды.

"Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті жіберілген заң бұзушылықтар үшін "Павлодарэнергосбыт" ЖШС және "Екібастұзжылуэнерго" ЖШС-на қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 164-бабының 5-бөлігімен әкімшілік іс қозғады", – деп жазылған хабарламада.

Субъектілер тұтынушыларға қайта есептеулер жүргізді және олар 2024 жылдың ақпан айы үшін наурызда келген түбіртектерде көрсетіледі.

Павлодар Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: