Бұрынғы сот орындаушысы 6 миллион теңгені жымқырды деген күдікке ілінді

Сурет: Zakon.kz
Қостанай облысында бұрынғы жеке сот орындаушысына қатысты қылмыстық іс тергелуде, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақпаратты 15 наурызда Қостанай облысының прокуратурасы таратты.

"Бұрынғы "Н" жеке сот орындаушысы оны лицензиясынан айырғаннан кейін өндіріп алушыларға берудің орнына жеке шотына 6 млн теңгеден астам ақша аударғаны анықталды." Қостанай облысының прокуратурасы

Бұл ақша қаражаттары – борышкерлердің әкімшілік айыппұлдар мен басқа да қарыздар бойынша жұмыс орнынан ұсталған сомалары.

Осы факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспийдегі әскери оқу-жаттығулар кезінде қаза тапқан сарбаздардың тізімі жарияланды

Димаш Құдайбергеннің әлемге әйгілі болуының сыры неде: Шоумен пікір білдірді

Зеленский Ресей-Украина қақтығысын тоқтатудың басты себебін атады

Ғылым министрлігі латын әліпбиіне көшу мәселесіне қатысты пікір білдірді

Соболенко Рыбакина қатысатын турнирге қатыспайды