Алматы облысында үш жасар бала жоғалып кетті: оны тікұшақпен іздеп жатыр

Сурет: видео скрині
17 наурыз сағат 21:44-те Алматы облысының ТЖД-не Еңбекшіқазақ ауданының Безымяное көлі Күш ауылының маңында 2021 жылғы туған қыз жоғалып кеткені туралы хабарлама түсті, ол 16:30-да үйден шығып, осы уақытқа дейін оралмаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, жедел штаб құрылды. Іздеу жұмыстарына ТЖД, РЖҚЖ, ПД, ҰҰ ә/б, аңшылық шаруашылығы қызметкерлері, жергілікті тұрғындар, еріктілер арасынан 300-ге жуық адам және 80-ге жуық техника, тепловизоры бар 4 пилотсыз ұшу аппараты, сондай-ақ "Қазәуеқұтқару" тікұшағы жұмылдырылды.


Бірінші күннен бастап құтқарушылар тізіліп қарау әдісімен жер үстін іздестірді. РЖҚЖ құтқарушылары 30 метр қашықтықта орналасқан су айдынына сүңіп іздестіріп жатыр, сондай-ақ тартылған күштер мен құралдармен оқиға орнында және су айдынының жағалау сызығы бойынша кинологиялық есептоптарды пайдалана отырып, жер үстін де іздестіріп жатыр.

"Барлық мүмкін жерлер тексеріліп, үздіксіз байланысты қамтамасыз ету үшін іздеу жұмыстары орнында ТЖД командалық-штабтық машинасы орналастырылып жұмыс істеп жатыр", - делінген хабарламада.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды