Алматыда жол опырылып қалды

Сурет: видео скрині
Алматыдағы Жамақаев көшесінің бойындағы жол опырылып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған қатысты Медеу ауданының әкімдігі түсінік берді.

"Топырақтың батпақтануы салдарынан Жамақаев көшесіндегі жол жиегі жартылай бүлінді, диаметрі 100 мм су құбыры мен кәріз құбыры ішінара зақымданды. Жеке инженерлік желілер жартылай зақымданды. Бұған дейін үзіліп қалған су беру жүйесі қалпына келтірілді", - деп хабарлады қала әкімдігі.


Зардап шеккендер мен құрбандар жоқ.

Мамандар оқиға орнын тексеріп, оның салдарын жойып жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Қазақстандық пара спортшы Малик Мұқашев таеквондодан әлем чемпионы атанды

Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша алдағы бес күнге арналған ауа райы болжамы