Алматы облысында жолда көкпар тартқандар қамауға алынды

Сурет: gov.kz
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қайназар ауылындағы жол бойында көкпар ойнағандар қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық сотының хабарлауынша, сотта Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген ұсақ бұзақылық жасау фактісі бойынша Қ. және М. қатысты әкімшілік іс қаралды.

2024 жылғы 24 наурызда сағат 00:30 шамасында Еңбекшіқазақ ауданы Қайназар ауылындағы Алматы көшесінде Қ. және М. 20-ға жуық шабандоздың қатысуымен көкпар ойынын ұйымдастырып, автокөлік құралдарының қозғалысына кедергі келтіріп, қоғамдық тәртіпті бұзды.

2024 жылғы 26 наурыздағы сот қаулысымен құқық бұзушылар Қ. және М. ҚР ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып,  оларға 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ақтауда шетелге заңсыз ақша шығарған компанияға 153 млн теңге айыппұл салынды

КХДР үш сағат ішінде екі баллистикалық зымыран ұшырды

МӘМС реформасының жиынтық экономикалық әсері жүздеген миллиард теңгені құрайды

Қазақстанда МӘМС жарналарын төлеу және сақтандырылған тұлғаларды есепке алу қағидалары жаңартылды