Давид Дегтярев Азия рекордын жаңартып, төртінші рет әлем чемпионы атанды

Давид Дегтярев Азия рекордын жаңартып, төртінші рет әлем чемпионы атанды, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.11.2026 09:41 Сурет: instagram/dav1d.dm
Бахрейнде өтіп жатқан пара пауэрлифтингтен әлем чемпионатында қазақстандық спортшы Давид Дегтярев 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық паралимпиадалық комитеттің мәліметінше, спортшы 192 келі салмақты көтеріп, Азияның жаңа рекордын орнатты. Екінші орынды түркиялық Мухаммет Актюрк (180 келі), үшінші орынды Серкан Чакмаз (176 келі) иеленді.

Сонымен қатар Давид үш мүмкіндігінің қорытындысы бойынша 573 келі нәтижесін көрсетіп, қарсыластарынан басым түсті. Осылайша, ол жарыста екінші алтын медалін жеңіп алды.

"Жарыстан әлі толық ес жия қойған жоқпын, бірақ жалпы бәрі керемет. Маған отбасым – туған-туыстарым, жақындарым, достарым және Отаным – ғажайып Қазақстан елі күш береді", – деді спортшы.

Осылайша, Давид Дегтярев төрт дүркін әлем чемпионы атанды. Ол бұған дейін 2021, 2023 және 2025 жылдары алтын медаль иеленген.

Ендігі мақсаты – 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Паралимпиада ойындары.

Бұл пауэрлифтер үшін үшінші Паралимпиада болмақ. Бұған дейін ол Токио-2020 және Париж-2024 ойындарында екі рет алтын медаль жеңіп алған.

Пара пауэрлифтингтен 2026 жылғы әлем чемпионаты 27 қараша мен 2 желтоқсан аралығында Бахрейннің Манама қаласында өтеді. Жарысқа 41 елден 258 спортшы қатысып жатыр. Қазақстан құрамасы сапында 23 атлет бар.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: