Жамбыл облысында қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін автобустармен балалар тасымалданған

Сурет: pixabay
Тараз прокуратурасы қала мектептерінде балаларды тасымалдау кезінде қауіпсіздікті сақтау мәселесі бойынша тексеру жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Нәтижесінде қала мектептеріндегі 19 автобустың 10-ы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы 2015 жылғы 26 наурыздағы №349 бұйрығымен бекітілген Жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдау ережелерінің талаптарына сәйкес келмеген.

Атап айтқанда, жүргізушілер рейс алдында медициналық тексеруден өтпеген, автобустарда медициналық қобдишалар, өрт сөндіргіштер, "Балаларды тасымалдау" белгілері болмаған.

Автобустарда тасымалданатын балалардың жалпы саны отыруға арналған орындардың санынан асқан.

Балалардың қауіпсіздігіне қатер төндіре отырып, жүргізуші тасымалдауды жүргізуші куәлігінің тиісті санаты болмай, сақтандыру полисінсіз және техникалық байқаудан өтпей жүзеге асырған.

Прокурорлық қадағалау актілерімен кінәлі адамдар әкімшілік және тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Қазіргі уақытта анықталған бұзушылықтар жойылды.

Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Азаматтардың өтініші көбейді: Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер нені талқылады

Жаңа тарихи белеске қадам басу: Қазақстанда стратегиялық даму жөніндегі сарапшылар тобы құрылды

Атырауда отыз отбасы "Отбасы банктен" баспаналы болды

Алматыда Сайран көлі маңынан қару мен патрондар табылды – полиция тексеруді бастады

Шығыс Қазақстан облысында жаңа ветеринариялық пункттер ашылуда