Алматы қаласы мен облыс тұрғындары жолдағы шұңқырлар мен ашық люктерге шағымданды

Көктеммен бірге автокөлік иелерінің мазазын қашыратын тағы бір мәселе қоса келді. Олар ойық-ойық шұңқырлар мен ашық люктар. Билік бұл мәселеден хабардар. Шешуге де ниетті-ақ, әттең тек әзірше жұмыстарынан нәтиже жоқ.

Наразы жүргізушілер

Көктемнің басталуымен бүкіл ел бойынша жүргізушілер әкімдіктерге жолдарды жөндеуді және ашық құдықтарды жабуды сұрап сабылады. Күндіз жолдағы кемшіліктерді көруге болады, бірақ қараңғы түскенде жағдай күрт өзгереді. Ойдым-ойдым тесіктер тек жүргізушілерге ғана емес жаяу жүргіншілерге де аса қауіпті.

Сурет: Zakon.kz

Zakon.kz тілшісі ақпарат дайындау барысында алдымен Алматыны аралады. Кейінірек, қала маңына шығып, қыстан кейін жол мен тротуарлардың қандай күйде екенін көріп қайтты. Бұдан бөлек редакция қызметкерлері де күнделікті ел ішіндегі жүргізушілердің жан айқайын көріп, естіп жүр.

Күні кеше әлеуметтік желіде "Қалыпты жолға қашан жетеміз?" деген тағы бір тұрғынның бейнеролигі тарап кетті. Роликте, қала ішінде автобустың бір дөңгелегі жолдағы шұңқырдан шыға алмай тұрғаны бейнеленген.

Ауыл тұрғындары шұрық-тесік жолдарға наразы. Қазіргі уақытта ең мәселесі өршіп тұрған бағыттардың бірі - Талғар трассасы.

"Бұрындары тас жолды бес жылға жасайтын еді. Қазірбір жылға ғана шыдас береді. Жасалған жолдар бір қар түскеннен кейін-ақ қайта шұңқыр болып шыға келеді" делінген әлеуметтік желідегі пікірлердің бірінде.

Жол жөнделеді

Наурыз айының басында қала әкімінің Жетісу ауданы халқымен кездесуінде, ауа райының қолайлығы орнасынымен, жолды жөндеу жұмыстарына кірісеміз деген болатын.

"Сәуір айында біз санитарлық тазалау мен абаттандыруды бастаймыз, ал ауа райының қолайлығы орнасынымен, жолды жөндеуге кірісеміз. Сол үшін де асфальтбетон зауытын ертерек іске қостық. Тек биыл жолдарды ағымдағы жөндеуге 500 млн теңге қарастырылған"Ерболат Досаев

Қала әкімдігінің айтуынша, жақын кездері жолдарды жөндеу басталады. Қазіргі уақытта қала жолдарының ұзындығы 3097 км. Өткен 2023 жылы 175 көшеде, 200 км жол орташа жөндеуден өткен.

Ал биылғы жылға ұзындығы 250 км болатын 274 көшеде орташа жөндеу жүргізу жоспарда бар. Көшелердің толық тізімі және жолдарды орташа жөндеу бойынша жұмыстар жоспары осы айда техникалық құжаттамаға сараптама қорытындысын алғаннан кейін жарияланады.

"Орташа жөндеу кезінде жол төсемдерінің тозу қабаты мен тесік жерлері мерзімді қалпына келтіріледі. Жол төсемін қиылыстар шегінде және оларға жақындағанда кеңейту немесе тарылту, автотұрақтарды, аялдамалар мен алаңдарды, тротуарлар мен велосипед жолдарын орнату жүргізіледі. Орташа жөндеу жұмыстарының көлемі қалалық жолдардың КЖЖ көліктік-пайдалану жай – күйін диагностикалау нәтижелері мен ақаулар ведомостары негізінде жасалатын сметалық есеппен анықталады", - деп түсіндірді қалалық әкімдік.

Барлығы кезең-кезеңімен болады

Алматы облысының әкімдігіне де нашар жолдардың жағдайы таңсық емес.

"Тәжірибе көрсеткендей, жыл сайын қысқы кезең аяқталғаннан кейін Алматы облысының автомобиль жолдарында ақаулар пайда болады, егер олар уақытында жойылмаса, асфальттың қызмет ету мерзімі тез қысқарады. Шынында да, жарықтар мен шұңқырлар арқылы су асфальт материалдың қалыңдығына түседі. Бұл оның беріктігіне теріс әсер етеді. Ал мұздатылған кезде ол жабынды ішінен кеңейтеді және таратады. Жұмыстың сапасы қоспаның сапасымен және оны төсеу тәсілімен анықталады", - деді облыс әкімшілігі.

Сонымен қатар, облыс әкімдігі жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен іске асатынын баса айтты.

Биыл Алматы облысының әкімдігі облыстық маңызы бар 214,08 км автомобиль жолдарын жөндеуді, 6,3 км автомобиль жолдарын салуды және қайта жаңартуды, 193,58 км орташа жөндеуді жүргізуді, сондай-ақ 14,2 км күрделі жөндеуді жоспарлауда.

Ашық люктер мәселесі бойынша қала мен облыстағы шенеуніктер қала тұрғындарының хабарламаларына үнемі мониторинг жүргізіп отыратындықтарын мәлімдеді. Егер олар қақпақтың немесе коллектордың бүкіл шойын құрылғысының жоқтығы туралы жазса, онда жөндеу бригадалары сол жерге барып, тез арада ауыстырады немесе жаңа құрылымды орнына орнатады.

Билік Алматы қаласы мен қала маңында әлі де тротуарлар жоқ жол учаскелері бар екенін атап өтті. Әкімдік бұл мәселе туралы біледі және жақын арада бұл мәселемен айналысып, жаяу жүргіншілер үшін қауіпсіз жол салатынын мәлімдеді.

Алматы Қазақстан Алматы облысы
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: