Қазақстан әскери шеру өткізуден бас тартты

Сурет: akorda.kz
2024 жылы Қазақстанда 7 және 9 мамырда әскери шерулер өткізілмейді. Қорғаныс министрлігінің (ҚМ) баспасөз қызметі бұл шешімнің себебін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қорғаныс министрлігінің 3 сәуірдегі ақпараты бойынша:

"Бюджет қаржысын үнемдеу мақсатында, сондай-ақ басқа да міндеттерді шешу қажеттілігіне байланысты 2024 жылы Қазақстанда әскери парад өткізу жоспарланып отырған жоқ."

ҚМ баспасөз қызметінің айтуынша, Қазақстан Қарулы күштері бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігі мен ұтқырлығының талап етілетін деңгейін ұстап тұру шеру өткізуге қарағанда басым маңыздыққа ие.

Еске салайық, дәл осы себеппен 2023 жылы да әскери шеру өтпеген болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы