Бірақ күн көзі жылынған сайын өскіндері шығып, өніп барады. Ал сырт елдерден сұраныс жоқ. Мәселен, былтыр 325 мың тонна пияз сыртқа саудаланса, биылғы көрсеткіш одан төмен.
Соңғы үш айда небәрі 161 мың тонна өнім экспортқа шығарылған. Негізгі тұтынушы Ресейдің өзі 8 мың, Біріккен Араб Әмірлігі 5 мың тонна ғана алған, деп жазады qazaqstan.tv.
"Сәуір айының соңында біздің елге ол жақтың жаңадан шыққан пияз өнімдері экспортталып қалады. Пәкістанға пиязымыз шықпай қалуы мүмкін. Мұздатқышы жоқ қоймаларда қауіп әрине жоғары. 60%-ға жуығында мұздатқышы жоқ." Шәкір Момынқұлов, облыстық АШБ басқарма басшысының орынбасары
Ал шаруалар өз өнімдерін 15 теңгеге де өткізе алмай отыр. Олар тұрып қалған тауарларын қоқысқа шығарып, кейбірі тұрғындарға тегін таратып жатыр. Мамандар биыл жағдай тағы қайталанбас үшін көкөніс көлемін азайтпақ.
Былтыр пияз өңір бойынша 24 мың гектарға егілсе, биыл 10 мың гектарға дейін қысқартылмақ. Былтыр елде 1 млн тоннадан астам пияз жиналды. Бұл жылдағыдан үш есеге көп. Оның 780 мың тоннасы Жамбыл облысына тиесілі.