Петропавлда үлкен су тасқынының болу уақыты белгілі болды

Сурет: aqorda.kz
Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Мұрат Қанғожинов 2024 жылдың 8 сәуірінде Петропавлда су тасқыны қашан болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мұрат Қанғожиновтың Республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте гі мәліметінше, Сергеев су қоймасы 180%-ға толған. Есіл өзенінің жайылмасында кептеліс байқалмағанымен, қоймадағы су деңгейі 415 см-ге жеткен.

"12 - сәуірден бастап облыс орталығына дейін (Петропавл) үлкен судың келуі күтіледі, шыңы 23- сәуірге келеді. Сонымен қатар су тасқыны жағдайы тұрақты мониторинг режимінде."Мұрат Қанғожинов

Бүгінде Есіл өзенінің жағасында орналасқан 3 аудан мен Петропавл қаласында су тасқыны болу қаупі бар. Бұл аймаққа 845 тұрғын үй және 5 мың саяжай кіреді.

Сонымен қатар, осы уақытқа дейін 40 үйдің 13-і су астында қалды. 244 адам эвакуацияланды, 44 адам үйге қайтарылды. Бұдан бөлек, су басқан 111 үй маңындағы аумақ бар.

Күштер мен құралдардың қосымша топтары құрылды.

Қазақстан
Петропавл

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Жасырын зауыт пен жеке теміржол тұйығы: Ұлытау облысында марганец кені заңсыз экспортталған

Алматы облысына қарасты бір ауылда тұрғындар газ құбырын аттап өтіп жүр

Рим маңындағы оқ-дәрі шығаратын зауытта жарылыс болып, алапат өрт тұтанды

Тоқаев мәдениет саласында стипендиялар тағайындады