Спикердің айтуынша, 27 наурыздан 7 сәуірге дейін жеке құрамның 2 мыңнан астам әскери қызметшісі жұмылдырылған. Осы кезеңде 2 мың 300 – ден астам адам эвакуацияланды, оның 732-сі балалар. Сондай-ақ 83 596 кг гуманитарлық жүк тасымалданды.
"Қостанай облысында аумақтық қорғаныс бригадасының 70 әскери қызметшісі Қостанай қаласының Затобольск ауданында 8 мың қап құм дайындап, 800 метр "Тобыл" өзенінің жағалауын нығайту жұмыстарын жүргізді.",- деді Жангулин.
Ол сондай-ақ аумақтық қорғаныс бригадасының іс-қимылын үйлестіру үшін Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Қостанай облысына ұшып кеткенін хабарлады.
"Солтүстік Қазақстан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының 30 адамнан тұратын әскери қызметшілері Петропавл қаласының шетіндегі саяжай ақлабы ауданында 1 мың қап құм дайындау және Есіл өзенінің бөгетін нығайту бойынша жұмыстар жүргізді. 8 сәуірде СҚО әкімінің сұрау салуы және Қарулы Күштерден Қорғаныс министрінің нұсқауы бойынша су тасқынына қарсы іс – шараларда жұмыс істеу үшін Астанадан қосымша 300 әскери қызметші бөлінді", - деп толықтырды Руслан Жангулин.
ҚР ҚМ ресми өкілінің айтуынша, Ақтөбе облысында инженерлік бөлімшенің 15 адамы Ойыл өзені арқылы өтетін паром өткелінің көмегімен 238 адамды эвакуациялаған. Сонымен қатар, олар шамамен 1,5 тонна заттар мен азық-түлік тасымалдауды қамтамасыз еткен. Тағы бір топ, 50 әскери қызметші су тасқынына қарсы іс-шаралар өткізу үшін Садовая кентіне кеткен.
"Атырау облысында диверсиялық команда Жем өзенінің арнасын бұзу және кеңейту бойынша жұмыстар жүргізді. Құлсары қаласында 397 әскери қызметші ауысыммен жұмыс істей отырып, 30 мың қап құм дайындады. Ал Қарабау елді мекенінде 50 әскери қызметші жағалаудың периметрін нығайту үшін 3 мың қап құм дайындады"Руслан Жангулин
Сондай-ақ, БҚО-да Жайық өзенінің арнасын нығайту үшін Зачаганск (Орал) ауданында 2 мыңнан астам қап құм дайындалды. Бұдан басқа, 7-8 сәуірде Маңғыстау облысы әкімінің қаулысына сәйкес Бейнеу елді мекенінде Атырау облысындағы су тасқынын жою үшін 155 әскери қызметшілер шақырылған.