Маңғыстауда сирек кездесетін жануарлардың саны артты
Сурет: "Қызылсай" табиғи паркі
Маңғыстау облысында Қызыл кітапқа енген арқарлар мен қарақұйрықтардың саны көбейген. Мұндай оң динамика "Қызылсай" мемлекеттік өңірлік табиғи паркінде жүргізілген жабайы жануарларды күзгі түгендеу қорытындысы бойынша анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Lada.kz басылымының 2026 жылғы 22 қарашадағы мәліметінше, жабайы жануарларды түгендеу жұмыстары жылына екі рет – көктемде және күзде жүргізіледі. Мамандар жануарлардың табиғи ортадағы жағдайын бақылап, санын есептейді және популяциядағы өзгерістерді қадағалайды.
"Жұмысқа облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының, "EcoBioGen" ЖШС-нің, "Охотзоопром" өндірістік бірлестігінің және табиғи парк қызметкерлері қатысты", – делінген хабарламада.
Күзгі түгендеу қорытындысы бойынша Қызыл кітапқа енген жануарлардың саны айтарлықтай өскені анықталды:
- Үстірт муфлондары (арқарлар): 2025 жылы 1 237 бас болса, 2026 жылы 1 371 басқа жеткен. Өсім – 10,83%.
- Қарақұйрықтар: бір жылда саны 142-ден 177 басқа дейін көбейген. Популяция өсімі – 24,65%.
Мамандар түгендеу нәтижелерін жануарлар дүниесінің жай-күйін бағалау, сондай-ақ сирек кездесетін түрлерді қорғау және сақтау шараларын жоспарлау үшін пайдаланады.
Бұған дейін Қазақстанда Түркістан сілеусініне алғаш рет спутниктік бақылауға арналған GPS-қарғыбау тағылғаны хабарланған еді. Сирек кездесетін жыртқыш Алматы облысында қолға түскен.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript