Қазақ даласынан сирек кездесетін өсімдік табылды

Өсімдік, қазақ, дала, сирек кездесетін , сурет - Zakon.kz жаңалық 23.04.2025 17:58 Сурет: ustirt.kz
Маңғыстау облысында Қызыл кітапқа енген сирек өсімдік Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы аумағынан табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ақпаратпен 2025 жылы 23 сәуірде ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті бөлісті.

"2025 жылғы 18-21 сауір аралығында Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің аға ғылыми қызметкері А.Пулатов ғылыми-зерттеу жұмыстары барысында Қызыл кітапқа енген "Майда қатыран" өсімдігін кездестірді", делінген хабарламада.

Майда қатыран - сирек кездесетін, таралуы шектеулі түр. Тұран провинциясының эндемигі, реликт түр. Бұл өсімдік тұқым арқылы көбейеді. Сәуір-мамыр айларында гүлдеп, мамыр-маусымда жеміс береді.

Бұл өсімдіктің тіркелуі ботаника ғылымы үшін маңызды жаңалық болып табылады және Үстірт өңірінің қайталанбас экожүйесін сақтау қажеттілігін көрсетеді. Қорық мамандары өсімдіктің таралу аймағын зерттеуді әрі қарай жалғастырады.

Айта кетсек, Жетісуда Қызыл кітапқа енген қарақұйрықтарды заңсыз аулағаны орманшылар сотталған болатын

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: