Қазақстандық сирек кездесетін қызғылт қоқиқаздардың биіктіктен түсірілген видеосын жариялады

Қазақстандық сирек кездесетін қызғылт қоқиқаздардың биіктіктен түсірілген видеосын жариялады, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.05.2026 10:44 Сурет: бейнежазба скриншоты
Ақмола облысына Қызыл кітапқа енген қызғылт қоқиқаздар қайта оралды. Сирек кездесетін құстар жылы мезгілдегі үйреншікті мекеніне – Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының аумағына ұшып келген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қанатты тіршілік иелерінің ерекше көрінісін Көкшетау қаласының тұрғыны Серікбай Жаныбеков биіктіктен түсіріп алған.

Ол құстарды дронның көмегімен видеоға түсіріп, Instagram-парақшасында жариялаған.

"Видео түсіру кезінде бірде-бір қоқиқаз зардап шеккен жоқ", – деп жазды ол 2026 жылғы 17 мамырдағы жазбасында.

Қазақстандықтар экзотикалық құстардың сұлулығына ғана емес, өңірдің жабайы табиғатының әсемдігі мен ауқымын әсерлі жеткізе білген оператордың шеберлігіне де тәнті болды.

  • Таңғажайып!
  • Сөзсіз ғажап!
  • Қандай әсем, құстар да табиғат та үйлесе түскен!
  • Керемет, бұрын соңды көрмеппін мұндайды)

Бұған дейін Ақтөбе облысында енді ғана дүниеге келген киік төлдеріне GPS-датчик орнатылған арнайы сырғалар тағылып жатқанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: