Қостанай облысында екі жүзге жуық үй қалпына келтіруге жарамсыз

Сурет: pixabay
Қостанай облысында тасқынның қарқыны бәсеңдеп, шығынды есептеу жұмыстары жүріп жатыр.

Күні бүгінге дейін су кірген 353 үй тексеріліп, оның 150-ден астамы жөндеуге келетіні анықталды. Ал 200-ге тарта баспана мүлде қалпына келтіруге жарамайды. Бүлінген үйді жөндеуге қаржы бөлінеді.

Жарамсыз күйге түскендерінің орнына жаңасы салынады. Тасқынның салдарынан өлген мыңға тарта түліктің өлексесі табылды, деп жазады qazaqstan.tv.

Оның 200-ден астамының иесі анықталып, төлем беріле бастады. Бұл жұмыс әлі де жалғасады.

"Енді әлеуметтік төлемге келсек, бүгінгі таңда 1345 өтініш түсті. 715 өтініш бойынша 166 млн теңге төленді. Өтініштерді қабылдау жалғасуда." Жұматай Кәкімжанов, облыс әкімінің баспасөз хатшысы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Гайдар Қасенов пен Достанбек Есжанов неге қызметтерінен босатылды

Көкшетауда автобус пен жүк көлігі соқтығысып, үш адам зардап шекті