"Біз біргеміз, Құлсары! Біз біргеміз Атырау!". Төреғали Төрәлі де Құлсарыда болды

Сурет: видеодан алынды
Бұл туралы әнші Instagram-дағы парақшасына видео жүктеді. Видеода далалық асханада ас ішіп отырған адамдар үстіне әнші Төреғали Төрәлі, оның әкесі Төреәлі Төлепов және тағы бір әнші Әділет Жауғашар кіріп келеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Апат айтып келмейді, жасағанмен бақылау. Атырауым абдырап, қалыпты ғой апыр-ау. Құлсарылық құлдарын Құдай сынап жатыр-ау. Жаны жайсаң жақсылар, жарық күндер жақын-ау. Біз біргеміз, Құлсары! Біз біргеміз, Атырау!" деп жазды видео сипаттамасына әнші.

Видеодан олардың Құлсарыға көлікпен келіп жеткен гуманитарлық жүкті түсірісіп жатқанын көруге болады.

"Құлсарыда талай қуанышта, талай тойда, концертте болғанбыз. Құдай сіздерге қуат берсін! Жақсы күндеріміз көп болсын", - деді видеода Төреғали Төреәлі.

Дегенмен әнші бұл өңірге Харакет қоры атынан баспана табыстауға келгенін де жеткізе кетті.

Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін