Су тасқыны кезіндегі шығынын өтеуді сұрап, 17 мыңға жуық азамат өтініш тапсырды

Бүгінгі таңда еліміздегі жойқын су тасқыны салдарынан зардап шеккен азаматтардан шығынын өтеу бойынша өңірлік комиссияларға 16 862 өтініш келіп түскен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстанда жойқын су тасқыны салдарынан зардап шеккен азаматтардың шығынын өтеу процесі жалғасып жатыр. Үкімет бұл жұмыстарды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша жүргізуде. Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және еліміздің басқа да облыстарының тұрғындары арнайы құрылған өңірлік комиссияларға тиісті өтініштерін беріп жатыр. Бүгінгі таңда 16 862 өтініш келіп түскен, делінген Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ағымдағы жылдың 20 сәуіріндегі жағдай бойынша 8 814 отбасы жалпы сомасы шамамен 3,2 млрд теңге болатын 100 АЕК көлеміндегі біржолғы төлем алды. 2 мыңнан астам отбасы келтірілген материалдық шығын үшін 1 млрд теңгеге жуық өтемақы алды. Мал шығыны үшін берілген өтемақының жалпы сомасы 89 млн теңгеге жетті.

Қазіргі таңда зардап шеккен өңірлерде:


"Келтірілген шығынды өтеу жұмыстары жалғасып жатыр және олар Үкіметтің қатаң бақылауында. Ел Президентінің тапсырмасы бойынша барлық зардап шеккен азаматтарға жан-жақты көмек пен қолдау көрсетіледі", делінген Үкімет хабарламасында. 

Сурет: primeminister.kz


Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: