Су тасқынына байланысты Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясы онлайн-форматта өтеді

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы 24 сәуірде ҚХА-ның су жаңа орынбасарлары Юрий Шин мен Лугмар Буларовты қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

"Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының жаңадан тағайындалған орынбасарлары Юрий Шин мен Лугмар Буларовты құттықтап, олардың бірлікті нығайту, қоғамдық келісімді сақтау ісіндегі жауапты қызметіне сәттілік тіледі.",- делінген хабарламада.

ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Марат Әзілханов Қасым-Жомарт Тоқаевқа бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалуы және Ассамблеяның XXXIIІ сессиясына дайындық барысы жөнінде есеп берді.

Президент еліміздің бірқатар өңірінде су тасқыны салдарынан қалыптасқан күрделі жағдайды ескере отырып, ҚХА сессиясын онлайн-форматта өткізу туралы шешім қабылдағанын жеткізді. Шараға Ассамблеяның аймақтардағы мүшелері онлайн режимде қатысады.

Мемлекет басшысы табиғи апаттан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсетуге Қазақстан халқы Ассамблеясы зор үлес қосқанын айтты.

Айта кетейік, 2024 жылы 24 сәуірде президент жарлығымен ҚХА-ның орынбасарлары қызметін атқарған Акбаржон Исмаилов және Аурика Дяк қызметінен босатылды. Олардың орнына жаңа орынбасарлар ретінде, Лугмар Буларов және Юрий Шин тағайындалды. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды