Тоқаев Бас прокурорды қабылдады

Сурет: akorda.kz
Президент Бас прокурор Берік Асыловты қабылдады. Мемлекет басшысына еліміздегі заңдылықтың жай-күйі және қадағалау қызметінің басым бағыттары бойынша жүргізілген жұмыстардың негізгі қорытындысы жөнінде баяндалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі криминогендік ахуал және қылмыстық-құқықтық салада азаматтардың конституциялық құқықтарының сақталуы жөнінде мәлімет берілді. Прокурорлар тергеу орындары заңсыз қамауға алған 449 адамды босатты. Сондай-ақ 515 адамға қатысты шыққан үкімді қайта қарау жөнінде бастама көтерді. Оның ішінде 205 сотталушының жағдайы жақсарып, 10 адам ақталды.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысына активтерді қайтару және қылмыскерлерді іздестіру жұмыстары барысында прокуратура органдарының жасанды интеллектіні пайдалануы жөнінде баяндалды. Бас прокуратурада елден заңсыз шығарылған активтерді іздеу және ізіне түсу үшін қолданылатын «ақылды» аналитикалық платформаны пилоттық режимде сынап көру жұмыстары басталды.

Қазіргі таңда қабылданған шаралардың, соның ішінде ақпараттық жүйелерді пайдаланудың нәтижесінде іздеуде жүрген 605 қылмыскер ұсталды.

Сонымен қатар бүгінде прокурорлар жүзеге асырылып жатқан 663 инвестициялық жобаға құқықтық кеңес беріп отыр. Биыл ел экономикасына 2,4 триллион теңге көлемінде инвестиция салған 148 инвестордың түйткілді мәселесі шешілді.

Президент шетелге заңсыз шығарылған активтерді іздеуге және қайтару үшін заманауи технологияларды кеңінен қолдану ісін жалғастыруды тапсырды. Мемлекет басшысы қылмыстық процесте азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғаудың және инвесторлар мен бизнес-қоғамдастықтың құқықтарын прокурорлық қадағалау шараларымен тиімді қамтамасыз етудің маңызды екенін атап өтті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Алиментті кім және не үшін төлеуі тиіс?

"Бірнеше минутта": жүргізуші куәлігінен айырылғандар оны қалай қайта ала алады

Атырауда 17 тоннадан астам балық заңсыз тасымалданған