Қазақстан полициясы елдегі шетелдіктерге маңызды ескерту жасады
Сурет: Telegram/POLICE_of_KZ
2026 жылғы 3 қарашада Қазақстан полициясы ел аумағында жүрген шетелдік азаматтарға, сондай-ақ оларды қабылдайтын тұлғалар мен жұмыс берушілерге көші-қон заңнамасының талаптарын қатаң сақтау қажеттігін еске салды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мұндай ескертуді Абай облысы Полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасы жариялады.
Шетелдік азаматтар нені білуі керек?
Шетел азаматтары:
- Қазақстанға келгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде көші-қон қызметіне хабарлау тәртібін сақтауы керек;
- елде болу мерзімін, визасының және тиісті рұқсат құжаттарының жарамдылық уақытын бақылауы қажет;
- тіркеу кезінде көрсетілген мекенжай бойынша тұруы тиіс;
- еңбек қызметін заңнама талаптарына сәйкес жүзеге асыруы керек;
- паспортының жарамдылық мерзімін қадағалауы қажет.
Қазақстан азаматтары мен жұмыс берушілерге қойылатын талаптар:
- Шетел азаматын қабылдаған жағдайда үш жұмыс күні ішінде көші-қон қызметіне хабарлау;
- тиісті рұқсатсыз шетелдік жұмыс күшін тартпау;
- еңбек шарты тоқтатылған немесе шетел азаматы елден кеткен жағдайда көші-қон қызметіне уақтылы хабарлау.
Заңнама талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік қарастырылған.
Полиция барша азаматты көші-қон заңнамасының талаптарын сақтауға, қоғамдық тәртіпті нығайтуға және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге үлес қосуға шақырды.
Еске салайық, 2026 жылғы 14 қазанда Қазақстанда шетелдіктерді көші-қон бақылауы мен есепке алу қағидалары жаңартылғаны белгілі болды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript