Қазақстаннан 800-ден астам шетелдік шығарылды: себебі неде

Көлік полициясы 2026 жылғы 6 қазанда шетелдік азаматтарға Қазақстанда болу қағидаларын сақтау қажеттігін еске салды. Бұл талаптарды бұзғандарға елден шығарып жіберуге дейінгі жаза қолданылуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 06.10.2026 10:42 Сурет: ҚР көліктегі полициясы
Көлік полициясы 2026 жылғы 6 қазанда шетелдік азаматтарға Қазақстанда болу қағидаларын сақтау қажеттігін еске салды. Бұл талаптарды бұзғандарға елден шығарып жіберуге дейінгі жаза қолданылуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәселен, Астана станциясының теміржол вокзалы аумағында Қазақстанда жұмыс істеуге құқық беретін тиісті құжаттары жоқ үш шетелдік анықталған. 22, 28 және 33 жастағы азаматтар құрылыста әртүрлі жұмыс атқарған. Оларға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, сот шешімімен Қазақстан аумағынан шығарып жіберу жазасы тағайындалды.

Жыл басынан бері Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері көші-қон заңнамасын бұзған 3 043 шетелдікті әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Оның ішінде 2 801 адам Қазақстан аумағында болу қағидаларын бұзған. Сот шешімдерімен 837 құқық бұзушы елден шығарылды.

"Шетелдік азаматтар Қазақстанның көші-қон заңнамасы талаптарын, соның ішінде елде болу қағидалары мен еңбек қызметін жүзеге асыру тәртібін сақтауға міндетті. Қажетті құжаттарсыз жұмыс істегендер әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Оларға елден шығарып жіберу жазасы қолданылып, кейін Қазақстанға қайта кіруіне шектеу қойылуы мүмкін", – деп ескертті көлік полициясы.

Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысында жолаушы әйел такси жүргізушісінің дөрекі әрекетіне шағымданған. Тексеру барысында оның Қазақстанда тиісті рұқсатсыз жұмыс істеп жүргені анықталып, жүргізуші елден шығарылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: