Ұлытау облысының орталығында өрт қаупі жоғары.
Атырау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында өрт қаупі жоғары.
Күндіз Жетісу облысының Алкөл ауданы маңында солтүстік-батыстан 30 м/с және одан да жоғары жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі. Облыстың батысында, орталығында, таулы аймақтарында найзағай ойнап, дауыл соғады деп болжанады. Облыстың солтүстік бөлігінде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, Алакөл ауданында 23-28 м/с құрайды. Облыстың шығысында өрт қаупі жоғары. Талдықорғанда күндіз найзағай ойнайды, солтүстік-батыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні - 15-20 м/с.
Түнде Павлодар облысының солтүстігінде сынап бағаны 3 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді деп күтіледі.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.
Түнде Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, күндіз өңірдің солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде аракідік қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі деп болжанады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Облыстың оңтүстік-шығысында өрт қаупі жоғары.
Абай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ түседі деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында солтүстік-батыстан, солтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, Үржар ауданында төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде солтүстіктен соққан желдің екпіні - 15-18 м/с.
Түнде Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында сынап бағаны 2 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді деп күтіледі. Көкшетауда түнде топырақ беті қатып, сынап бағаны 2 градус суықты көрсетеді.
Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында сынап бағаны 3 градус суықты көрсетеді, түнде Петропавлда сынап бағаны -1,-3 градусқа дейін төмендеп, үсік жүреді деп күтіледі.
Күндіз Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды деп болжанады.
Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы ауданы мен тау бөктерінде найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың шөлейтті аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте таңертең және түстен кейін найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні 15-20 м/с болады. Түркістанда түнде найзағай ойнайды, оңтүстік-батыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні 15-20 м/с болады.
Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. Облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, таулы аймақтарында найзағай ойнап, бұршақ түседі деп күтіледі. Түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста, облыстың таулы аудандарында солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Найзағай кезіндегі екпіні - 15-20 м/с.
Түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында сынап бағаны 2 градус суықты өрсетуі мүмкін. Облыстың оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.
Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында өрт қаупі жоғары.
Алматы облысының таулы аудандарында, оңтүстігінде аракідік қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі деп күтіледі. Таңертең және түстен кейін облыстың солтүстігінде шаңды дауыл болады. Өңірдің солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 17-22 м/с, күндіз 27 м/с дейін жетеді. Қонаевта күндіз найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Солтүстік-батыстан күндіз соққан желдің екпіні 17-22 м/с, кешке 27 м/с дейін жетеді.
Айта кетсек, 16 мамырда еліміздің басым бөлігінде күн райы күрт бұзылады деп болжанады.