16 мамырда еліміздің басым бөлігінде күн райы күрт бұзылады деп болжанады

Ауа райы болжамы, 16 мамыр, Қазақстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.05.2024 17:48 Сурет: pxhere
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2024 жылы 16 мамырға арналған Қазақстандағы ауа райы болжамының жалпы сипатымен бөлісті. Мамандар еліміздің солтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтілетінін айтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Метеорологтар оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің ел өңірлерінің көп бөлігінде өз әсерін сақтайтынын нақтылайды.

"Найзағай ойнап, жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыста, шығыста қатты жаңбыр жауып, бұршақ түседі, жел соғады. Тек еліміздің солтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі". "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі

Сонымен қатар, республикамыз бойынша желдің екпін алуы сынды ортақ табиғи құбылыс тән, түнде және таңертең солтүстік-батыста, еліміздің орталығында тұман болады.

"Жетісу облысында Алакөл ауданы аумағында секундына 30 метр және одан да жоғары жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі", – деп нақтылайды синоптиктер.

Сондай-ақ, түнде Павлодар облысының солтүстігінде, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының солтүстігінде, шығысында сынап бағаны төмендеп, 2-3 градус суықты көрсетеді деп болжанады. 

Төтенше өрт қаупі Түркістан облысының шөлейтті аудандарында және Абай облысының Үржар ауданында сақталады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: