Тасқын кезінде малынан айрылған құлсарылықтарға мамыр айының соңына дейін өтемақы төленеді

Сурет: akorda.kz
Су тасқынынан малдарынан айырылған Құлсара тұрғындарына өтемақы 2024 жылдың мамыр айының соңына дейін төленеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жылыой ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөліміне су тасқыны кезінде малынан айрылған тұрғындардан 101 өтініш келіп түсті, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штаб.

Жылыой ауданында су тасқыны кезінде барлығы 876 бас ұсақ және ірі қара мал зардап шекті.

Оның ішінде:

- 93 бас ірі қара мал,

- 697 бас ұсақ мал,

- 55 бас жылқы,

- 31 бас түйе

- 532 құс.

Айта кетейік, 2024 жылдың 20 мамырынан бастап малынан айрылған 23 иесіне жалпы сомасы 25,6 млн теңгеге өтемақы төленді.

"Су тасқыны кезінде малы зардап шеккен қалған 78 тұрғынға ақшалай өтемақы ағымдағы айдың соңына дейін төленеді. Төлемдердің жалпы сомасы 93,5 млн теңгені құрайды", - деді Жылыой ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұртас Қуатбаев.

Бұған дейін құлсарылықтар тасқыннан келген шығынның өтелу көлеміне көңілі толмайтынын айтқан болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы