Көкшетауда қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды

Сурет: freepik
Көкшетауда Chia Tai Tianging қаржы пирамидасын құрған және басқарған қала тұрғынына қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Н. есімді әйел жаңартылатын энергия көздеріне инвестиция саламыз деген сылтаумен жеке тұлғалардан ақша тарту мақсатында, Chia Tai Tianging қаржы пирамидасын құрғаны және басқарғаны анықталды, осылайша Н. іс-әрекеттерімен салымшылардың 291 миллион теңгеден астам сомасындағы қаражаты қаржы пирамидасына тартылды, олар криптовалютаға аударылған және "Платформа CP Group" платформасына есептелген.

"Сот үкімімен Н. кінәлі деп танылды және мүлкі тәркіленіп, 5 жыл мерзімге азаматтардың қаражаты мен инвестицияларын тартуға байланысты қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, тиісінше 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілді", - деп хабарлады Ақмола облысы бас прокуратурасы.

Көкшетау прокуратурасы азаматтарды сақ болуға және алаяқтардың айласына түспіп қалмауға үндеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды