Блогер Дархан Жолшыбеков алиментті аз төлеу үшін жалақысын 70 мың теңге деп көрсеткен

Сурет: instagram.com/darhanzholshybekov
Қазақстандық танымал блогер Дархан Жолшыбеков баласына алиментті аз төлеу үшін жалақысын 70 мың теңге деп көрсеткен, деп хабарлайды Zakon.kz Жоғарғы соттың Telegram-каналына сілтеме жасап.

С. Алматының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына баланың әкесі Дархан Жолшыбековтің танымал блогер бола тұра, басқа да табыстары болса да, 20 мың теңге алимент төлейтіні туралы уәжбен жүгінген.

Сот бұрын сот шешімімен Жолшыбековтің кәмелетке толмаған баласы А-ға қатысты әке болуы белгіленіп, оның тапқан табысының және (өзге) табысының ¼ бөлігі мөлшерінде алимент өндірілген. 

Істі қарау барысында баланың әкесі Дархан Жолшыбеков жалақысы 70 000 теңге көлемін құрайтыны туралы анықтама ұсынған.

Осы орайда, банк анықтамаларынан Дархан Жолшыбековтің есепшотында қомақты ақша қаражаттары бар екені, қымбат заттар сатып алатыны, туризм және демалыс мақсатында республикадан тыс жерлерге жиі шығатыны анықталды. 

"Сот іс бойынша анықталған мән-жайларды, оның ішінде жауапкердің басқа да кірістерін ескере отырып, баланың мүддесін ескере отырып, Жолшыбековтен талап қоюшы С.-ның пайдасына 30 АЕК тұрақты сомада алимент өндіру туралы шешім қабылдады", - деп хабарлады Алматы сотының баспасөз қызметі.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды