Екібастұзда жүргізуші велоспиедшіні қағып кетті

Сурет: Zakon.kz
Екібастұзда жүргізуші велоспиедшіні қағып кетті. Зардап шеккен тұрғын ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 23 мамырда Мұхтар Әуезов көшесі бойында "ВАЗ-2106" маркалы автокөліктің жүргізушісі жолдың ортасында тұрған велосипедшіні қағып кетті. 


"Жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақат алған велосипедші ауруханаға жатқызылды. Аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп жатыр, сараптама тағайындалды. Автокөлік айып тұрағына қойылды", - деп хабарлады департамент.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

ТЖМ жер сілкінісі туралы мәлімет жариялады

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады