Араласқысы келмеген: Павлодарда жоғалған әйел адам шаруа қожалығынан табылды

Сурет: Zakon.kz
Павлодарда жоғалған әйел адам шаруа қожалығынан табылды. Полиция оның көрші ауылға кетіп, жұмысқа орналасқанын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 25 сәуірде әйел адам қызының 10 сәуірде үйден кетіп, туыстарымен байланысқа шықпаған айтып, іздестіру туралы өтінішпен жүгінген. Сол күні жедел уәкілдер жоғалған адамның орналасқан жерін анықтауға бағытталған қажетті жедел іздестіру іс-шаралары кешенін ұйымдастырды. 

2024 жылғы 11 мамырда қабылданған шаралардың нәтижесінде 36 жастағы қызы Жаңауыл кентіндегі шаруа қожалықтарының бірінде анықталды. Ол туыстарымен байланысқа шықпаған, өйткені олармен араласқысы келмеген және ата-анасынан бөлек тұрғысы келген. 

"Адамдардың жоғалуының басты себебі – алкогольге тәуелділік. Басқа себептердің қатарында отбасындағы шиеленіс, ал кейде адамдардың өз жоспарлары туралы ешкімді хабардар етпей кетіп қалуы да бар". Павлодар облыстық полиция департаменті криминалдық полиция бастығының орынбасары Аршат Жәмиев
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды