Алматы халықаралық әуежайының басшысы ауысты

Сурет: Алматы әуежайы
Алматы халықаралық әуежайы 5 маусымда 2021 жылдың маусым айынан бастап Алматы әуежайының басшысы болып табылатын Алып Эр Тунга Эрсойдың 16 маусымнан бастап қызметінен кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әуежайдың жаңа президенті болып Гокер Көсе тағайындалды.

"Г. Көсенің операциялық басқару, жоспарлау, инвестициялау, қаржылық менеджмент және әуежай қызметінің тиімділігін арттыру саласында 20 жылға жуық тәжірибесі бар. Ол 2005 жылы TAV Airports холдингі кезінде әуежай командасы қатарына келіп қосылды. Азаматтық авиация мен әуежайлар менеджменті және басқару саласында тағылымдамадан өткен.  Анкарадағы Эсенбога жаңа әуежайының пайдалану дайындығы бағдарламасын (Оperational Readiness and Airport transfer, ORAT) енгізу процестеріне қатысқан", делінген әуежай мәлімдемесінде.

2006 жылы Көсе TAV Airports холдингінің қаржы және стратегия басқармасына арнайы шақыртып алынған, онда ол 10 жылдан астам уақыт бойы көптеген жобамен жұмыс істеді. Әуежай жобаларының техникалық және экологиялық сараптамасына, сондай-ақ оларды қаржылық және коммерциялық жоспарлауға белсенді қатысты.

Сонымен қатар ол әуежайлардағы инвестициялық жобаларды, соның ішінде қысқа және ұзақ мерзімді бюджеттік жоспарлауды және қаржы тарту мәселелерін қадағалады. 

2017 жылы Көсе Париждегі Шарль де Гол және Орли әуежайларының инвестициялық жобаларын басқарған Groupe ADP компаниясының Инвестициялар және қаржылық жоспарлау жөніндегі директоры қызметіне кірісті. Сондай-ақ Groupe ADP-дің Үндістандағы бөлімшесінде GMR Airports бизнесін дамыту мәселелерімен айналысты.

Гокер Көсе Таяу Шығыс техникалық университетін тәмамдаған, сонымен қатар Ыстамбұлдағы Босфор университетінің MBA дәрежесіне ие.

Бұған дейін 2024 жылдың 1 маусымында Алматы халықаралық әуежайының жаңа терминалы ашылғаны хабарланған болатын.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астрологтар 7 қарашада қаржы жағынан жолы болатын үш жұлдыз белгісін атады

Қазақстанның бірнеше өңірінде тұман түсіп, жел күшейеді

Денсаулық сақтау министрлігі аттестациядан өте алмаған бас дәрігерлерді атады

300 қойды екі жүк көлігімен Түркістанға алып кетпек болғандар ұсталды

Қазақстан мен Тәжікстан 14 құжатқа қол қойды