300 қойды екі жүк көлігімен Түркістанға алып кетпек болғандар ұсталды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.11.2026 18:47 Фото: zakon.kz
Жамбыл облысында 300 бас қойды ұрлап, басқа өңірге әкетпек болған екі күдікті ұсталды. Олар малды Түркістан облысындағы базарға жеткізуді жоспарлаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мал ұрлығы Байзақ ауданының Сарыбарақ ауылындағы шаруа қожалығында түнде болған. Қожайынның жоқтығын пайдаланған күдіктілер қойларды көршілес қараусыз қалған шаруа қожалығының аумағына айдап апарған. Кейін малды жүк көлігіне тиеп, күдіктілердің бірінің үйіне жеткізген.

Жәбірленушінің айтуынша, барлығы 300 бас мал ұрланған.

Жедел-іздестіру шаралары кезінде полицейлер оқиға орнындағы іздер мен жүк көліктерінің дөңгелек протекторларының таңбаларын зерттеген. Көлік пен күдіктілер анықталған соң, жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы ұрланған малды Түркістан облысына әкету әрекеті тоқтатылды.

Нәтижесінде тасжолда қой тиелген екі жүк көлігі тоқтатылды.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 188-1-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полицейлердің жедел әрекетінің арқасында ұрланған малдың басқа өңірге әкетілуіне тосқауыл қойылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: