Қызылордада қиыршық тас пен құмды заңсыз алып кетпек болғандар ұсталды

Полицейские, сотрудники полиции, полиция, задержание, арест, наручники, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.04.2026 19:56 Фото: Zakon.kz
Қызылорда облысында полицейлер жыл басынан жер қойнауын заңсыз пайдаланудың 3 дерегінің жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицейлердің мәліметінше, құқық бұзушылықтар облыстың барлық аудандарында, сондай-ақ облыс орталығы аумағында тіркелді. Атап айтқанда, құм, қиыршық тас, саз балшық және басқа да инертті материалдарды заңсыз өндіру және тасымалдау фактілеріне ерекше назар аударылды.

"Жүргізілген іс-шаралар барысында Қызылорда қаласының маңында қиыршық тас пен құмды заңсыз алып кетпек болған 2 жүк көлігі ұсталды",- делінген ақпаратта.

Аталған заң бұзушылықтар бойынша жиналған материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін облыстық экология департаментіне және көліктік бақылау инспекциясына жолданды.

Полиция азаматтарды жер қойнауын заңсыз пайдалану, оның ішінде инертті материалдарды заңсыз өндіру және әкету фактілері туралы құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырады.

Бұған дейін ІІМ-нің жол қозғалысына қатысушыларға ескерту жасағанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: