Семейде психотроптық заттарды заңсыз сақтаған тұрғын анықталды
Фото: Zakon.kz
Семей қаласында полиция қызметкерлері психотроптық заттарды заңсыз сақтау дерегінің жолын кесті.
Жүргізілген жедел іс-шаралар нәтижесінде облыс орталығының 29 жастағы тұрғыны ұсталды. Күдіктіге тиесілі Mercedes-Benz автокөлігін шұғыл жеке тінту жүргізу барысында салонның алдыңғы бөлігінен қара изолентамен оралған, ерекше иісі бар 6 полимерлі түйіншек табылып, тәркіленді.
Оқиға орнын қарау кезінде күдіктінің қатысуымен тағы да қара изолентамен оралған 19 полимерлі пакет тәркіленді. Олардың ішінде ерекше иісі бар ақ түсті ұнтақ тәрізді зат болған.
Сот сараптамасының қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттардың құрамында психотроптық зат бар екені анықталды. Тәркіленген заттардың жалпы салмағы шамамен 15 грамды құрады.
Күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript