Семейде психотроптық заттарды таратумен айналысқан күдікті ұсталды

Полицейские, сотрудники полиции, полиция, задержание, арест, наручники, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.11.2025 11:37 Фото: Zakon.kz
Абай облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасына Семей қаласының 19 жастағы тұрғыны аса ірі мөлшерде психотроптық заттарды өткізу мақсатында заңсыз сақтап жүргені туралы жедел ақпарат түсті.

Жедел-іздестіру шаралары барысында Абай облысы ПД ЕҚҚІБ қызметкерлері мен "Арлан" арнайы бөлімшесінің жауынгерлері күдіктіні ұстады.

Жеке тінту кезінде оның жанынан күйік іздері бар металл зат, қара лентамен оралған ақ түсті ұнтақ зат салынған 19 полимерлік пакет, сондай-ақ қолғаптар мен кілттер анықталып, тәркіленді. Оқиға орнынан қосымша Samsung S25 телефоны алынды.

Күдіктінің жалға алған пәтерін тінту барысында полицейлер ақ лентамен оралған 101 полимерлік пакетті, қара және ақ лентамен оралған тағы 66 осындай пакетті, Samsung A12 телефоны мен қолғаптарды тәркіледі. Тәркіленген барлық зат сот-химиялық сараптамаға жіберілді.

Медициналық куәландыру күдіктінің каннабиноидтарды қолданғанын растады. Тергеу кезінде ол сәуір айынан бері есірткі сатумен айналысатын интернет-дүкеннің курьері болып жұмыс істегенін айтқан.

Кураторының нұсқауымен Павлодар қаласындағы жасырын орыннан 300 грамм мефедрон психотроптық затын алып, оны Семей қаласына жеткізіп, бөліп-орап дайындаған.

Кезекті рет есірткіні таратуға әрекеттенген сәтінде полиция қызметкерлерімен ұсталды. Қазіргі уақытта іске қатысты барлық мән-жайды және басқа да қатысы бар адамдарды анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: