Алматыда психотроптық заттарды таратумен айналысқан екі әйел ұсталды

Алматыда психотроптық заттарды таратумен айналысқан екі әйел ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.10.2025 19:30 Сурет: polisia.kz
Алматы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында психотроптық заттарды жасырын қойып кету арқылы таратты деген күдікпен екі әйелді ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Күдіктілер айдап жүрген автокөліктен ұнтақ тәрізді зат салынған түйіншектер табылып, тәркіленді.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат психотроптық есірткі болып шықты.

Тергеу барысында ұсталғандардың бірі мессенджер арқылы жұмысқа орналасқаны, анонимді куратордың тапсырмаларын орындап, ақысын криптовалюта түрінде алғаны анықталды.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Интернет арқылы азаматтарды, соның ішінде әйелдер мен жастарды психотроптық заттарды таратуға тарту деректері жиілеп кетті. Есірткіні жасырын қойып кету – бас бостандығынан айыру жазасына әкелетін қылмыс. Полиция мұндай интернет-топтардың қызметін жүйелі түрде тоқтатып, есірткі айналымына қатысты кез келген дерекке қатаң шара қолданады", - деді Алматы қаласы ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: