Алматыда психотроптық заттарды таратумен айналысқан күдіктілер құрықталды

Машина полиции, полицейский автомобиль, полицейские, полиция, автомобиль полиции, полицейская машина, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.07.2025 14:07 Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Алматы қаласы ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде мефедронның заңсыз айналымы анықталды.

Полиция қызметкерлері қала аудандарының бірінде күдік тудырған ер адамды тоқтатты. Жеке тінту кезінде одан психотроптық затқа ұқсас зат табылды және тәркіленді.

Сараптама қорытындысы бойынша, тәркіленген заттың мефедрон екендігі расталды. Жүргізілген іс-шаралар барысында екінші күдікті де анықталып, арнайы жасақ қызметкерлері Алматы облысында ұстады.

Тінту кезінде қосымша айғақтар, соның ішінде электронды құрылғылар мен психотроптық санатына жататын заттар тәркіленді.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: