Алматыда марихуана өсіретін фитозертхана анықталды

Полицейские, сотрудники полиции, полиция, задержание, арест, наручники, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.04.2025 13:09 Фото: Zakon.kz
Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, Бостандық ауданындағы көпқабатты үйдегі пәтерлердің бірінен есірткі зертханасы анықталды.

Ғимаратта тыйым салынған өсімдіктер – марихуана өсірілген. Тексеру барысында 17 түп қарасора, шамамен 400 грамм дайын марихуана, оралған байламдар, электронды таразылар мен заңсыз қызметте пайдаланылған болуы мүмкін ұялы телефон тәркіленді.

"Мұндай зертханалар аса қауіпті. Біз мұндай қылмыстық топтардың әрекетін жүйелі түрде жолын кесеміз және заң аясында есірткі қылмысымен күресуді жалғастырамыз. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жалғасуда", – деді, Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Мұрат Жұмабай.

Алматы полициясы, азаматтарды есірткінің заңсыз айналымына қатысты кез келген күдікті деректер туралы хабарлауға шақырады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: