Алматыда полиция "синтетиканың" ірі партиясын тәркіледі

Задержание, задержанный, наручники, правонарушение, преступление, правонарушитель, правонарушители, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.03.2025 15:51 Фото: pexels
Арнайы іс-шараны есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы Алматы қаласы Түрксіб ауданында жүргізген.

31 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды, оны тінту кезінде құрамында ерекше иісі бар ақ түсті ұнтақ зат салынған байламдар мен бумалар тәркіленді.

Ал ұсталған азаматтың көлігінен есірткі заттарын тасымалдауға арналған осыған ұқсас заттары бар спорттық сөмке және басқа да құрал-жабдықтар табылып, тәркіленді.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 1 келі 247 грамм болатын "a-PVP" психотроптық заты.

Түрксіб аудандық ПБ-да есірткі сату дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: