Алматыда түнгі клубтың барменінен есірткі табылды

Есірткі саудасымен айналысқан адамдар ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.12.2023 16:55 Сурет: ҚР ІІМ
Жақында есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері полицияның арнайы жасағының көмегімен арнайы іс-шараны жүргізді.

Қалалық мекемелердің бірінде бармен болып жұмыс істейтін 28 жастағы Д.есімді азамат ұсталды.

"Жедел мәліметтерге сәйкес, күдікті өз жұмыс орнында есірткі сатумен айналысқан. Оның қылмыстық әрекеттері ресми түрде құжатталған: қамауға алынар алдында ол "клиентке" синтетикалық есірткінің дозасын сатқан. Ұстау барысында күдіктіден ақ түсті, ерекше иісті, ұнтақты заты бар байлам табылды және тәркіленді. Сот-химиялық сараптама тағайындалды. Аталған дерек бойынша Медеу аудандық ПБ-да ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Есірткі сатушы қамауға алынды", – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: