Алматы тұрғынынан заңсыз сақталған қару тәркіленді

Алматы тұрғынынан заңсыз сақталған қару тәркіленді, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.10.2025 21:20 Сурет: polisia.kz
Алматы қаласы ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері "Қару" жедел алдын алу іс-шарасы аясында жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде атыс қаруын заңсыз сақтады деген күдікпен ер адамды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тұрғылықты жері бойынша тінту барысында полицейлер сыртқы бейнесі атыс қаруына ұқсас затты тауып, тәркіледі.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Аңшы мылтығы сот-баллистикалық сараптамаға жіберілді.

"Біз қаруды заңсыз ұстау деректерін дәйекті түрде анықтап, жолын кесіп келеміз. Мұндай жұмыс тұрақты түрде жүргізіледі, себебі алдын алу шаралары қылмыстың алдын алуға және қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға мүмкіндік береді", - деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: