Ақтауда тұрғындар шағымынан соң кәуапхана иесі ауа тазарту қондырғысын орнатты

Сурет: pixabay
Ақтаудағы 8-шағынауданда орналасқан кәуапхананың иесі тұрғындар шағымынан кейін сүзгі-желдету блогы бар ауа тазарту қондырғысын орнатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы mangystaumedia.kz хабарлады.

2024 жылы 26 сәуір күні мамандар кәсіпкерлерге әртүрлі иістер мен от түтіндердің алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізген болатын. Осы шараға қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі, қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы, Ұлттық сараптама орталығының мамандары және қалалық төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері қатысты.

Шара барысында ұлттық сараптама орталығының мамандары түтіннен бөлінетін ауадағы зиянды заттар көрсеткіші бойынша лабораториялық зерттеу жүргізген болатын.

"Кәсіпкерлер жұмыс жасайтын мангалда, тандырларда міндетті түрде түтін мен иістерді сіңіретін сүзгі-желдету блогы бар ауа тазарту жүйесін қолдану керек. Тұрғындардан түскен арыз-шағымдарға сәйкес жүргізілген түсіндірме жұмыстарынан кейін 8-шағынауданда орналасқан кәуапхананың иесі түтін мен иістерді сіңіретін сүзгі-желдету блогы бар ауа тазарту қондырғысын орнатты. Түсіндірме жұмыстары алдағы уақытта да ұйымдастырылатын болады", - деді Ақтау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Қолқанат Есмұрзаева.
Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды