Көкжөтел жұқтырғандардың дені вакцина салдырмаған

Сурет: pixabay
Алматыда көкжөтел жұқтырғандар көбейді. Былтыр 5 жағдай тіркелсе, биыл бес айдың өзінде 62 балаға көкжөтел тиген. Олардың басым бөлігі – 14 жасқа толмағандар.

Бүлдіршіндердің 90 пайызы – ауруға қарсы екпе алмаған. 16 пайызға жуығы – екпе жасына жетпеген бала. Жалпы нәрестеге 2, 3, 4, 18 ай болғанда вакцина салдыруға болады, деп жазады qazaqstan.tv.

Мамандардың айтуынша, алғашында науқаста қарапайым суық тиюдің белгілері болады. Кейін жөтел дендеп, баланың дене қызуы көтеріледі. Оның алдын алу жолы – уақытында екпе егу, - дейді дәрігерлер.

"Көкжөтел жұқпалы болып табылады. Науқас жөтелгенде, сөйлегенде, түшкіргенде қасындағы адамдарға жұғады. Қандай да бір белгілері болса өзін өзі емдеумен айналыспай, дер кезінде тұрғылықты жердегі емханаларда медициналық қызметкерлерге қаралып, олардың ұсынған емін қабылдау қажет, сонымен қатар, ауырған балалар болса көпшілік баратын орындауға апармауын сұраймыз." Алмаш Ахметова, қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы

Солтүстік Қазақстан облысында да 46 адамның көкжөтел жұқтырғаны анықталды. Дені бала. Мамандардың айтуынша, олардың 95 пайызы жұқпалы дертке қарсы екпе салдырмаған.

Бұл дерт әсіресе, жаңа туған нәрестелер үшін өте қауіпті деп отыр. Өңірде былтыр көкжөтелмен ауырған адам тіркелмеген.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін