Қазақстанның тоғыз қаласында ауа сапасы нашарлайды

Смог, загрязнение воздуха, выхлопы, пелена, дымка, смог в Алматы, загрязнение воздуха в Алматы, грязный воздух в Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.10.2026 08:17 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Синоптиктер 2026 жылғы 14 қазанда Қазақстанның бірқатар қаласында ауаның ластану деңгейі жоғарылайтынын ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидрометтің" мәліметінше, 14 қазанда Ақтөбе, Алматы, Балқаш, Жезқазған және Көкшетау қалаларында, ал түнде Астана, Қарағанды, Қостанай және Теміртау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық ауа райы, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Сондай-ақ "Қазгидромет" ел аумағының басым бөлігінде дауылды ескерту жариялады. Синоптиктер қалың тұман түсіп, дауылды жел соғатынын ескертті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: